-
 
Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға тірке| Кері байланыс  
 Сайт картасы  
     Жаңалық бөлімдері
>Атамекенде
>Шетелде
>Асарда
     Асар туралы

Ұланбатыр қаласында екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының консулдық қызметтері арасында пікір алмасу мәжілісі өткізілді

Уақыты: 2009-11-17
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы қарашаның 11-12-де Ұланбатыр қаласында Моңғолияның Сыртқы істер және сауда министрлігінде және Моңғолияның Әділет және ішкі істер министрлігінде екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының консулдық қызметтері арасында кезекті пікір алмасу мәжілісі өткізілді, деп хабарлады ҚР-ның Моңғолиядағы Елшілігінен.

Екі ел арасындағы келіссөздер өзара түсіністік деңгейінде өтіп, консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен дамытудың жолдарын егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік жасалды. Консулдық сұрақтар бойынша консультациялар шеңберінде төмендегідей мәселелер қаралды:


- Консулдық мәселелер бойынша қазақстан-моңғолдық консультациялардың үшінші раунды Хаттамасы тармақтарының орындалуына қорытынды жасау;


- Қазақстан Республикасының және Моңғолияның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау;


- Қазақстан аумағында Моңғолия азаматтарының жалған паспорттар мен азаматтығын растайтын құжаттарды пайдалану фактілерін анықтау, алдын алу және мүлдем тоқтату, сондай-ақ Моңғолия азаматтарының азаматтығын растайтын құжаттарын сұратып алу мәселесі;


- Этникалық қазақтардың Моңғолиядан тарихи Отанына көшу кезінде туындайтын мәселелер;


- Визалық мәселелер;


- Моңғолияны Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына тіркеу рәсімі (миграциялық) жеңілдетілген мемлекеттердің тізіміне енгізу;


- Екі ел арасындағы шарт-құқықтық база;


- Екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы адам саудасы, заңсыз есірткі және басқа психотроптық заттар айналымы, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс мәселелері бойынша ынтымақтастық;


- Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Құрметті консулын тағайындау мүмкіндігін талқылау;


- «Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Моңғолия азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатудың жеңілдетілген тәртібі және азаматтықтың болмауы мен қос азаматтықты болдырмау туралы» келісім жобасын қарастыру және келісу.


Қорытындысында, тараптар өткізілген консулдық мәселелер бойынша консультациялардың нәтижелеріне ризашылықтарын білдіріп, келесі кездесуді Астана қаласында өзара келісілген уақытта өткізуге уағдаласты және тиісті Хаттамаға қол қойды.


ҚазАқпарат


http://inform.kz/kaz/article/2213158

Пікір жазу үшін тіркелуіңіз керек!
Сайтымызға тіркеліп үлгермесеңіз осы жерден тіркеліңіз.
Осы тақырыпқа жазылған пікірлер


     Журналистер
Есенгүл
Бекен
Кәмшат
Асқар
Mesut
Kendebay
yesmhan
Kuat
Токтар
Saulebek
сәулебек
орал
> Басқа журналистер
     Соңғы сурет
 
 


  © Атамекен-Асар. 2007