Дегенмен, Қазақстан тұрмақ, алпауыт мемлекеттердің өзі бүгінгі сын сағатында тұрған сәтте біздікілер оралмандарға қарайбатыл қадам жасап отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі ҚР Үкіметінің 2008 жыл желтоқсан айындағықаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын әзірлегені баршамызға аян. Оны іске асыруүшін ел қоржынынан жалпы сомасы 197 795,6 миллион (қосымша қаржыларды қоспағанда) теңге бөлінсе, оның 85 267,7 миллион теңгесі (қосымша қаржыларды қоспағанда) биылғы жылдың еншісінде жұмсалуы тиіс. Қатарға қосылады демекші, оралман түгіл,
жергілікті қазақтардың өзін бүгінгі таңда баспана мәселесі қатты алаңдатады. Осы есептен алғанда оралман қандастарымызды қазақстандықтардың қатарына қосу «Нұрлы көшке» ғана емес, елдігімізге сын болғалы тұр. Енді, осы мәселенішешуде «Нұрлы көштің» әлеуеті қандай болмақ. Осы құжаттағы «Бағдарламаға қатысушылардың барлығын тұрғын үйменқамтамасыз ету көзделеді. Бұл ретте тұрғын үй қоры тұрғын үйді қалпына келтіру, салу және сатып алу есебінен, ал, Астанажәне Алматы қалаларында тұрғын үйді жалдау есебінен қалыптасатын болады» делінсе, «жергілікті атқарушы органдардыңкоммуналдық меншігіндегі ескірген тұрғын үйді қалпына келтіру республикалық бюджеттен бөлінетін біржолғы жәрдемақыларесебінен ішінара тұрғын үйді сатып алу, оның құрылысы – республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға берілетінбюджеттік кредит қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады» деген жолдар да шекара асып келем деушілері асықтырарыанық. Әзірге, жоспар бойынша 2009-2011 жылдары 23, 2 мың оралман отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Аталғанбағдарлама аясында «Нұрлы көшке» ілесе алған қандастарымызға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» несие беружөніндегі қаржылық агент болады екен.
Ал, талайдың аузын күйдірген несие мәселесіне тоқталсақ, бағдарламаға қатысуға берілген өтінімдердің және қатысушылардың құрамын айқындау негізінде жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен жылдық мөлшері 1 пайызбен бюджеттік несие беріледі. Сөйтіп, жергілікті атқарушы органдар бағдарламаға қатысушыларға «Тұрғын үй жинақбанкімен» жылдық мөлшері 4 пайызға (оның ішінде 3 пайыз – банктің операциялық шығыстарының өтемақысы) қарыз беружөніндегі агенттік қызметтерді орындауға шарт жасасады және бюджеттік кредит сомасын банкке аударады. Сондай-ақ, атқарушы органдар тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші өкілеттігін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқыт қорына жүктелген. Сөйтіп, «Тұрғын үй жинақ» банкі, бағдарламаға қатысушылар және «Самұрық-Қазына» қоры арасында шартжасалады. Аталған тараптардың арасындағы шарт бойынша, бағдарламаға қатысушылар банкке тұрғын үй құрылыс жинағыретінде алғашқы жарна ретінде қарыз сомасының 5 пайызын құюлары керек. «Тұрғын үй жинақ банкі» баспананы сатып алукезіндегі алғашқы жарнаға қажетті жинақты жинақтау үшін міндеттеме алады.
Аталған банк оралмандарға берілген қарыз сомасын тапсырыс берушінің, яғни, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның шотынааударады. Сөйтіп, әл-ауқат қоры құрылыс салушыны тарта отырып, тұрғын үй салуды қамтамасыз етеді. Несие төңірегіндегісауалдардың қысқаша жауабы міне, осылай шешілмек. Бірақ халық үшін іс жүзінде механизмі ауыр банк операциялары қалайіске асады? Осыған жауап іздеп көрелік. Ол үшін бүгінгі тақырыбымыздың басты нысанасы «Нұрлы көш» бағдарламасынатағы жүгінелік. «Тұрғын үйді сатып алу үшін қажетті алғашқы жарна сомасын «Тұрғын үй жинақ банкінде» жинақтағаннанкейін, бағдарламаға қатысушы тұрғын үй кепілімен, банктен жылдық 4,5 пайызбен он жыл мерзімге тұрғын үй қарызын алады. Алынған тұрғын үй қарызы тұрғын үйді сатып алуға (тұрғын үй құрылысына) және бюджеттік кредитті өтеуге пайдаланылады. Бұдан кейінгі жылдары (10 жылдан асырмай) Бағдарламаға қатысушы банктің тұрғын үй қарыздарын өтейді. Тұрғын үйқұрылысына немесе сатып алуға кредит беру кезінде шартқа қатысушылар» деп аталған бағдарламада тайға таңба басқандайетіп жазылған. Мұның сыртында қандастарымыздың қарызды мақсатты пайдалануын жергілікті атқарушы органдардыңалдында растауы, қарыз шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуы жөнінде тұрақты мониторинг жүргізуі, «Тұрғын үйжинақ банкі» оларға берілген қарызға есеп жүргізуі, басқаруы және мониторинг жүргізуі сияқты шарттардың сақталуынқамтамасыз етуге тиіс.
Қысқасы, шекара асып келген қандастарымыздың тарихи отанына оралғаннан кейінгі тағдыры олар орналасқан аймақбилігінің қолында десек, артық айтқандық болмас.
Дегенмен, бағдарламамен елге оралғандар өздері алғаш көш басын тіреген жерлерінде кемінде үш жыл тұрақты тұруы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда олар жоғарыдағы жарылқаулардан қағылып қана қоймай, алған өтемақы қаражатын толық көлемдеқайтаруға мәжбүр болатынын қаперге қыстырмасқа болмас...
Сөз соңы: Қандастарымызды тарихи отанына қайтару науқаны сонау 1991 жылдардан бастау алады. 1993 жылдан бері елімізге сырт елдерден келетін қазақтарды қолдау барысында мемлекеттік квота өмірге келді. Осы аталған квотаға сай, 2005-2008 жылдары жыл сайын елімізге 15 мың оралман отбасы келген. Ал өткен жылдан бері Елбасы тапсырмасы бойынша квотамен келушілердің саны 20 мыңға дейін өсті. Ресми мәліметтерге қарағанда, ел тәуелсіздігін алған алғашқы он бес жылда тарихи топырағына 706 мыңнан аса қандас бауырларымыз оралған екен. Бұл көштің басы ғана десек, бұйырса, алдағы онжылдықта елге оралушылардың қарасы көбейіп қалар.
Кәмила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ
"Заң" газеті 13.01.2010